National managing holding Baiterek JSC

09/24/2026 | Press release | Distributed by Public on 09/24/2026 05:57

«Бәйтерек» Холдингі «Донор күні» қайырымдылық акциясын өткізді

«Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық Холдингі» АҚ-да дәстүрлі «Донор күні» қайырымдылық акциясы өтті. Іс-шараға 120-ға жуық адам қатысты. Бір күн ішінде жалпы көлемі шамамен 55 литр донорлық қан жиналды. Бастамаға Холдингтің еншілес ұйымдарының қызметкерлері де қосылды.

Акцияның мақсаты - ерікті донорлықты дамытуға ықпал ету, қан мен оның компоненттері қорын тұрақты толықтыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік және қайырымдылық бастамаларды қолдау.

Мұндай іс-шараларды өткізу холдингте игі дәстүрге айналды. Бұл қызметкерлердің жоғары әлеуметтік жауапкершілігін және қоғам үшін маңызды бастамаларға белсенді қатысатынын көрсетеді.

National managing holding Baiterek JSC published this content on September 24, 2026, and is solely responsible for the information contained herein. Distributed via Public Technologies (PUBT), unedited and unaltered, on September 24, 2026 at 11:57 UTC. If you believe the information included in the content is inaccurate or outdated and requires editing or removal, please contact us at [email protected]