Development Bank of Kazakhstan JSC

01/23/2026 | Press release | Archived content

ҚДБ Көкшетауда 100% отандық тауар өндірушілер өнімін сатып алу шартымен аурухана құрылысына қолдау көрсетті

ҚДБ Көкшетауда 100% отандық тауар өндірушілер өнімін сатып алу шартымен аурухана құрылысына қолдау көрсетті

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, бұдан әрі - ҚДБ, Банк) Көкшетау қаласында көпбейінді заманауи аурухананы салу және пайдалану жөніндегі маңызды әлеуметтік жобаны қаржыландырып отыр.

Жалпы тәулік бойы жұмыс істейтін стационардың төсек-орын қоры 630 орынды құрайтын көпбейінді аурухана жобасын «РенЭлл Көкшетау» ЖШС жүзеге асыруда. Жобаның басты мақсаты - халықтың сапалы медициналық қызметтерге қолжетімділігін арттыру және қолданыстағы облыстық көпбейінді аурухананы заманауи медициналық кешенмен алмастыру.

Нысан пайдалануға берілгеннен кейін Ақмола өңіріндегі ең ірі медициналық объектіге айналып, облыстың 500 мыңнан астам тұрғынына жоғары технологиялы медициналық көмек көрсетеді деп күтілуде.

Аурухана кешені әлемдік жетекші өндірушілердің заманауи медициналық жабдықтарымен жарақтандырылады. Бұл диагностика мен емдеудің озық әдістерін енгізуге мүмкіндік береді. Жобада кардиология, хирургия, травматология, реанимация бөлімшелері көзделіп, медициналық қызметтердің кең спектрін бір жерде көрсетуге жағдай жасалады.

Нысан Build-Transfer-Operate үлгісі бойынша іске асырылады. Бұл модель жеке әріптес есебінен құрылыс жүргізуді, пайдалануға берілгеннен кейін объектіні мемлекеттік меншікке өткізуді және әрі қарай техникалық қызмет көрсетудің бір бөлігін жеке әріптестің атқаруын көздейді.

- Қазақстанның Даму Банкі тарапынан осындай ауқымды жобаның қолдау табуы ҚДБ-ның әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және халықтың өмір сапасын арттыруға деген стратегиялық ұстанымын айқын көрсетеді, - деді ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев.

Жобаны қаржыландыру Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі және Қазақстанның Даму Банкі кіретін халықаралық қаржы институттары консорциумы арқылы жүзеге асырылуда. Инвестор ретінде Түркияның Rönesans Holding холдингі қатысуда.

Бұл - Қазақстанда осындай ауқымды кредиторлар шеңберінің қатысуымен іске асырылып отырған мемлекеттік-жекешелік әріптестік форматындағы алғашқы жоба. Жобаның жалпы құны 453,6 млн еуроны құрайды. ҚДБ-ның қаржыландыруға қатысу - жылдық 3 айлық EURIBOR + 2,39% мөлшерлемесімен 30 млн еуро. Банктің қаражаты толық көлемде отандық тауар өндірушілердің өнімін сатып алуға бағытталады.

Аурухананы пайдалануға беру 2027 жылдың екінші тоқсанына жоспарланған.

Жобаның жүзеге асырылуы өңірлік денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы маңызды қадам болмақ. Жаңа аурухана білікті мамандарды тарту орталығына айналып, өңірде медициналық туризмнің дамуына да серпін береді деп күтілуде.

проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
Development Bank of Kazakhstan JSC published this content on January 23, 2026, and is solely responsible for the information contained herein. Distributed via Public Technologies (PUBT), unedited and unaltered, on January 26, 2026 at 05:00 UTC. If you believe the information included in the content is inaccurate or outdated and requires editing or removal, please contact us at [email protected]