Development Bank of Kazakhstan JSC

01/14/2026 | Press release | Distributed by Public on 01/14/2026 04:02

ҚДБ Global Banking & Finance Awards марапатына ие болды

ҚДБ Global Banking & Finance Awards марапатына ие болды

Халықаралық салалық Global Banking & Finance Review журналы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы, бұдан әрі - ҚДБ, Банк) 2025 жылға арналған Global Banking & Finance Awards сыйлығымен марапаттады.

Global Banking & Finance Review - банк, инвестиция және қаржы секторындағы өзекті үрдістерді кеңінен қамтитын беделді халықаралық басылым. Онлайн-журнал оқырмандарының қатарында әлемге танымал корпорациялардың президенттері, ірі компаниялардың бас директорлары және қаржы индустриясының өзге де жетекші өкілдері бар.

Аталған журнал 2011 жылы жаһандық қаржы жүйесінде орын алып жатқан маңызды өзгерістерді және саланың дамуына елеулі үлес қосқан ұйымдарды мойындау мақсатында Global Banking & Finance Awards сыйлығын негізін қалады.

Биыл ҚДБ «Банкинг» санаты бойынша Қазақстандағы үздік даму банкі деп танылды.

- Біз бұл марапатты инновацияға, орнықты дамуға және ең алдымен клиенттерімізге деген жауапкершілікке негізделген стратегиямыздың дұрыстығын растайтын жоғары баға ретінде қабылдаймыз. Біздің мақсатымыз - тек халықаралық стандарттарға сай болу ғана емес, сонымен қатар озық қаржылық шешімдер ұсына отырып, күтулерден озып шығу. Бұл өз кезегінде халықтың әл-ауқатын арттыруға және ұлттық экономиканың өсуіне ықпал етеді, - деп атап өтті «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаев.

Global Banking & Finance Awards сыйлығы жыл сайын әлемдік қаржы қауымдастығындағы үздік жетістіктерді, инновацияларды және көшбасшылықты атап өтеді. Жеңімпаздар ерекше тиімділігімен, көреген стратегиясымен және сала дамуына қосқан нақты үлесімен көзге түскен қаржы ұйымдарының арасынан іріктеледі.

Аталған марапаттар банктік сектордан бөлек, сақтандыру, клиенттердің қанағаттануы мен адалдығы, ESG және орнықты даму, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, инвестициялар, брокерлік қызметтер мен инновациялар сияқты кең ауқымды бағыттарды қамтиды.

проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
Development Bank of Kazakhstan JSC published this content on January 14, 2026, and is solely responsible for the information contained herein. Distributed via Public Technologies (PUBT), unedited and unaltered, on January 14, 2026 at 10:02 UTC. If you believe the information included in the content is inaccurate or outdated and requires editing or removal, please contact us at [email protected]