KASE - Kazakhstan Stock Exchange JSC

10/01/2025 | Press release | Distributed by Public on 09/30/2025 23:46

/ҚАЙТАЛАУ/ 15 ҚАЗАННАН БАСТАП KASE ӨЗІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ- РЕСУРСЫНЫҢ БҰРЫНҒЫ НҰСҚАСЫНА ҚОЛЖЕТІМДІКТІ ЖАБАДЫ

/ҚАЙТАЛАУ/ 15 ҚАЗАННАН БАСТАП KASE ӨЗІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ- РЕСУРСЫНЫҢ БҰРЫНҒЫ НҰСҚАСЫНА ҚОЛЖЕТІМДІКТІ ЖАБАДЫ

/KASE, 01.10.25, 18.09.25 жаңалығын қайталау/ - Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) қазіргі уақытта толығырақ сілтемесі бойынша қолжетімді KASE ресми интернет-ресурсының алдыңғы нұсқасына қолжетімділіктің 2025 жылдың 15 қазанынан бастап жабылатыны туралы хабарлайды.

Биржаның интернет-ресурсының жаңа нұсқасы 2024 жылдың 03 желтоқсанынан басталған тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану кезеңі аяқталғаннан кейін 2025 жылдың 17 наурызынан бастап іске қосылды. Осы күннен бастап KASE пайдаланушыларға жаңа интернет-ресурстың және оның интерфейсінің мүмкіндіктерін игеру үшін қажетті бейімделу кезеңін ұсыну мақсатында өзінің ресми сайтының екі нұсқасын да өзекті күйде ұстады.

KASE корпоративтік интернет-ресурсы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде адаптивті нұсқаларда (стационарлық, планшеттік және мобильді нұсқалар) қолжетімді және Қазақстанның қор нарығы, Биржа қызметі, оның мүшелері, листингілік компаниялар және қаржы құралдары туралы ақпараттың басты көзі функцияларын орындай отырып, Биржаның және оның қызметтерінің клиентке бағдарлануын арттыру құралдарының бірі болып қала береді.

KASE пайдаланушыларға сайттың жұмысы бойынша кері байланыс үшін ризашылығын білдіріп, ескертулер мен ұсыныстарды [email protected] мекенжайына жіберуді сұрайды.

[2025-10-01]

KASE - Kazakhstan Stock Exchange JSC published this content on October 01, 2025, and is solely responsible for the information contained herein. Distributed via Public Technologies (PUBT), unedited and unaltered, on October 01, 2025 at 05:46 UTC. If you believe the information included in the content is inaccurate or outdated and requires editing or removal, please contact us at [email protected]